National Institute of Intellectual Property
2018 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалында («ҰЗМИ» филиалы) Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған шара жұмысына мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының және бизнес-құрылымдарының өкілдерін шақыру жоспарланып отыр.
Лектор ретінде зияткерлік меншік объектілерін бағалау саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар «Интеллект Партнерс» ЖШС-ң, «Сараптау-бағалау орталығы» ЖШС-ңбағалаушылары, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА Комитетінің инфрақұрылымдық мәселелер бойынша директоры, Алматы сауда және инвестиция палатасының заңгері және өнертапқыш-кәсіпкер қатысатын болады.
Дөңгелек үстелде келесідеймәселелерталқыланатын болады:
Шараға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды дөңгелекүстелгешақырамыз!
Дөңгелек үстелдіңбасталу уақыты 2018 жылдың 18 қазаны, сағат 10.00-де.
Дөңгелек үстел бағдарламасы мен өтінім формасы осы хабарламаның қосымшасында берілген. Өтінімдер 2018 жылдың15 қазанына дейін қабылданады.
Мекен-жай: Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8 (727) 344-30-07 және 344-30-00 телефондары бойынша хабарласуға болады.