News

National Institute of Intellectual Property

slide

«ҰЗМИ» РМК-да АХҚО сотының судьяларымен кездесу болып өтті

17 October, 2018

16 қазан күні кәсіпорынның қызметімен танысу мақсатында «ҰЗМИ» РМК-на «Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы, оның ішінде: АХҚО сотының судьялары Робин Джэйкоб мырза мен Стивен Ричард мырза, Халықаралық құқық қауымдастығының төрағасы Лорд Манс, АХҚО сотының тіркеушісі Кристофер Кэмпбел Холт, АХҚО сотының сот ісін жүргізу маманы Алмат Игембаев, Reed Smith LLP заңгері Сьюзи Сэвэдж келді.

Кездесуге «ҰЗМИ» РМК-ның басшылығы мен департамент бастықтары қатысты. Алғы сөзбен директор Ербол Оспанов сөз сөйлеп, Институт жұмысы және жастар арасындағы өнертапқыштық қызметті ынталандыруға бағытталған «ҰЗМИ» РМК өткізген іс-шаралар туралы айтып өтті, сонымен қатар зияткерлік меншік саласындағы
заңнамадағы негізгі өзгерістердің қысқаша мазмұнын ұсынды.

Одан кейін, «ҰЗМИ» РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы Дильда Нуралина «ҰЗМИ» РМК қызметі жайлы презентациясымен Институт қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратпен таныстырды.

Ағылшындық судьялар кездесуге белсенді қатысып, «ҰЗМИ» РМК өкілдеріне тауар белгілері мен патенттерді халықаралық тіркеуге қатысты және Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік аясындағы патенттік дауларды сот жүйесімен реттеуге қатысты сұрақтар қойды.

Кездесу аяғында қонақтар «ҰЗМИ» РМК ұжымына алғыс білдіріп, қызметтеріне одан әрі жетістіктер тіледі.