National Institute of Intellectual Property
2018 жылғы 28 қарашада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) РСТ жүйесін дамыту бойынша ұлттық семинарын өткізу жоспарлануда.
РСТ жүйесі - халықаралық патенттік жүйе, оған сәйкес өтінім беруші өзінің өнертабысын, бір тілде бір патенттік ведомствоға бір ғана халықаралық өтінім бере отырып, әрбір Уағдаласушы елдерде қорғауды қамтамасыз ете алады.
Семинардың басты баяндамашылары ретінде ДЗМҰ РСТ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері Ольга Крысанова және «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова сөз сөйлейді.
Барлық ниет білдірушілерді семинарға қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Hilton Astana, Сауран көшесі 46.
Басталуы 09: 30.
Қатысу тегін.
Тіркелу үшін байланыс: 8 (7172) 621542, d.nuralina@kazpatent.kz.
Семинар бағдарламасының жобасы
programma_seminara_pct.doc