National Institute of Intellectual Property
2018 жылдың 02 қарашасында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы экономикалық колледжінде студенттерге арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына аталған колледждің Оқу-өндірістік жұмыстары бойынша директорының орынбасары және студенттері қатысты.
Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, авторлық құқық объектілері туралы мысалдар арқылы кеңінен мәлімет берді.
Студенттер семинар жұмысына белсенді қатысып, авторлық құқық объектілерін қорғау, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану туралы сұрақтар қойды.
Шара соңында Оқу-өндірістік жұмыстары бойынша директорының орынбасары Г.Ә. Әбілдаева ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, қызметте жеміс тіледі.