News

National Institute of Intellectual Property

2018 жылдың 8 қарашасында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы шыгыс семинарды өткізді

08 November, 2018

2018 жылдың 08 қарашасында "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК филиалының Оқу орталығы Алматы экономикалық колледжінің студенттеріне "лицензиялық шарттар"тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Семинар жұмысына осы колледждің оқытушылары, студенттері және "ҰЗМИ"филиалының қызметкерлері қатысты.

Дәріскер Оқу орталығының жетекшісі Ж. А. Серікбаева сөз сөйлеп, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру процедуралары туралы айтты.

Аталған аудиторияның студенттері іс-шараға белсенді қатысып, лицензиялық шарттарды тіркеуге қатысты сұрақтар қойылды, шартты қарастыру мерзімі, лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту себептері және т. б. сұрақтар қойылды.

Семинар соңында, қатысушылар ұйымдастырушыларға өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдірді.