News

National Institute of Intellectual Property

slide

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында оқу семинары өткізілді

13 February, 2019

2019 жылы 13 ақпанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (бұдан әрі – Орталық) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың мәні туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында "ҰЗМИ" РМК өкілдерінің қатысуымен Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинар барысында институт қызметі талқыланды. Директордың бірінші орынбасары Қалия Батаева құттықтау сөз сөйлеп, "ҰЗМИ" РМК жұмысы және Қазақстанның патенттік жүйесінің қазіргі жағдайы туралы айтты. Орталық қызметкерлерінің Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова өнертабыстар мен пайдалы модельдерді ұлттық және шетелдік патенттеу процесімен таныстырды. Авторлық құқық бойынша өтінімді беру және Мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу бойынша негізгі сәттерді Авторлық құқық басқармасының басшысы Алтынай Тайшева айтты. Патенттік ақпарат және сараптама кезеңдерін автоматтандыру басқармасының басшысы Даурен Досымбек өтінімдерді электронды түрде беру бойынша сұрақтарды талқылады, өз презентациясының барысында ол сондай-ақ электрондық өтінім беру жүйесін және өтінім құжаттарын ұсыну тәртібін пайдаланумен байланысты сұрақтарға жауап берді.

Семинарға қатысушылар "ҰЗМИ" РМК қызметкерлеріне оқу іс-шарасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, оның орталық қызметкерлері үшін маңыздылығы, сондай-ақ ұсынылған ақпараттың елеулілігін атап өтіп, осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу туралы ұсыныс жасады.