National Institute of Intellectual Property
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«NAZARBAYEV FUND SCHOOLS CHALLENGE-2019 »
ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Байқауға қатысуға ниет білдірген мектеп командалары аймақтық іріктеу турына қатысу үшін http://shapagat.kazpatent.kz/kk/nfscонлайн-платформасында тіркелуі қажет.
Тіркеу 2019 жылдың 15 наурызынан 10 мамырға дейін ашық болады.
Аймақтық іріктеу қорытындысы бойынша әр өңірден бір командадан 2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Астана қаласында өтетін ақтық іріктеу турына жіберілді, оның қорытындысы бойынша финалист командалар 2019 жылдың 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танымдық сапарына жіберіледі.
Байқауға 16-18 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің ағылшын тілін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері, сондай-ақ өзіндік жобалық қызмет тәжірибесі бар оқушылары қатысады.
Байқау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қамқорлығымен өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Назарбаев Университеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Крэнфилд университеті (Ұлыбритания) болып табылады.
Байқаудың серіктестері «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры және «AirAstana» ұлттық әуетасымалдаушысы болып табылады.
«Air Astana» әуекомпаниясы үшінші жыл қатарынан республикалық аэроғарыштық байқаудың ресми тасымалдаушысы болып табылады. Әуекомпания өскелең ұрпақты авиациялық салаға тарту процесіне көңіл бөледі, бұл туралы қазақстандық ұшқыштарды шет елдерде даярлау ab-initio бағдарламасы куәландырады. Сонымен қатар, тұрақты негізде мансап күндері, оқу орындарында презентациялар, әуекомпанияның авиасимуляторларына оқушылар үшін экскурсиялар өткізіледі.
Байқау жыл сайын қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және қалың жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткізіледі.