News

National Institute of Intellectual Property

2019 жылдың 05 наурызында Алматы қ. Филиалының «ҰЗМИ» Оқу орталығы дөңгелек үстел өткізді

04 March, 2019

2019 жылдың 05 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалының («ҰЗМИ» филиалы) Оқу орталығы «Тауарлар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау және тіркеу талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шара тауар таңбалары мен тауарлар шығарылған жерлер атауларына берілетін өтінім көлемін арттыру мақсатында өткізілді.

Алғы сөзді «ҰЗМИ» филиалының директоры З. Орынбекова алып, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР-ң Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қысқа ақпарат берді.

Дөңгелек үстел жұмысына бизнес-құрылымдар өкілдері мен патенттік сенімді өкілдер қатысты.

Шара бағдарламасына сәйкес Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы мен бас сарапшы Ж.Е. Омарбекова мен Т.В. Горбунова келесідей баяндамалар жасады:

  • тауарлар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау және тіркеу талаптары;
  • тауарлар шығарылған жерлер атаулары бойынша қолданыстағы объектілер.

Дөңгелек үстел соңында «Фудмастер Трэйд» компаниясының құқықтық бөлімінің басшысы Ж.М. Байгунова ұйымдастырушыларға осы объект бойынша жасалған жұмыс үшін өз алғысын білдірді.