National Institute of Intellectual Property
2019 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері 2-ші және 3-ші курс курсанттары, сондай-ақ академияның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Зияткерлік меншік саласындағы ҚР заңнамасындағы өзекті өзгерістер» туралы оқыту семинарын өткізді. ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция подполковнигі Сейтжанов Олжас Теміржанұлы құттықтау сөз сөйледі. Семинар «Зияткерлік меншік құқығы: қорғау және жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында ғылыми–зерттеу жұмыстарын зерттеу мақсатында академияның Азаматтық–құқықтық пәндер кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы КСРО ІІМ Москва жоғарғы милиция мектебінің күндізгі сырттай факультетінде Алма-Ата базасында 1969 жылы құрылды. Академияның жоғары білікті түлектері ішкі істер органдарының барлық бөлімшелері мен қызметтерінде табысты жұмыс істейді. Академияда оқыту күндізгі және сырттай тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру ғылыми-зерттеу жұмыстарымен біріктіріледі және қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы соңғы жетістіктерге негізделген.
Семинар қорытындысы бойынша академия басшылығы «ҰЗМИ» РМК дәріскерлеріне семинарды өткізудегі ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар табыс етті.
ҚР ІІМ ҚА курсанттары. Сұрақ-жауаптар. |
ҚР ІІМ ҚА қызметкерлері. Сұрақ-жауаптар. |