National Institute of Intellectual Property
2019 жылдың 15 наурызында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы қаласының №169 мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында құқық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектептің он екі жылдық тарихы бар және онда жалпы білім беру мен жекелеген физика, математика, химия мен биология пәндерін тереңдетіп оқыту жүзеге асырылуда.
Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров оқушыларға авторлық құқық объектілері мен авторлық сыйақы алу турасында айтып берді.
Мектеп оқу ісінің меңгерушісі семинар шара ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.