News

National Institute of Intellectual Property

2019 жылғы 4 сәуірде "ҰЗМИ" РМК Алматы қаласындағы филиалы №99 жалпы білім беретін мектепте семинар өткізді

09 April, 2019

2019 жылдың 4 сәуірінде қазақстандық оқушыларды ынталандыру мен зияткерлік әлеуетін қолдау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалы Алматы қаласының №99 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған «Зияткерлік меншік объектілерінің негізі мен оларды қорғау. Ғылым мен техникадағы таңғажайып өнертабыстар» тақырыбында семинар өткізді.

Мектеп 1962 жылы қаланды. Мектепте әзірбайжан, түрік тілдері факультативтік сабақ негізінде оқытылып келеді.

Семинарға Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Ә.А. Әбділданова мен Оқу орталығының маманы Ә.М. Куренкеева презентациялық материалдар көмегімен дәріс оқып берді. Семинар барысында, оқушылардың «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы мен «Болашаққа көзқарас» универсиадасына қатысуы бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

Семинар барысында оқушылар жоғары белсенділік көрсетіп, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықты, өнертабысты қорғау және пайдалануға қатысты сұрақтар қойды.

Семинар соңында мектеп директоры А.А. Асанова ұйымдастырушыларға өткізілген семинар үшін алғыс айтып, жұмыста жеміс тіледі.