National Institute of Intellectual Property
2019 жылдың 5 сәуірінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қаласынын филиалының Оқу орталығы Алматы қаласының Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында құқық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия оқушыларға өзінің әлеуетін ашып, жаңа білімге ие болу үшін интеллектуалды алаң ұсынуда. Мектепте 2000 жылдан бастап озінің "Жасөркен" атты газеті бар. Мұнда оқытушылар мен оқушылар өздерінің мақалаларын, ғылыми жұмыстарын, өлеңдерін үш тілде жариялайды.
Оқу орталығының бас маманы Б. Назаров оқушыларға жалпы зияткерлік меншік объектілеріжәне авторлық құқықтуралы ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылардың «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы мен «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасына қатысуы бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.
Семинар барысында оқушылар жоғары белсенділік көрсетіп, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық, өнертабысты қорғау және пайдалануға қатысты сұрақтар қойды.
Мектеп оқу ісінің меңгерушісі өткізілген шара ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.