News

National Institute of Intellectual Property

2019 жылдың 24, 25, 26 сәуір күндері «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай семинар өткізді

26 April, 2019

2019 жылдың 24, 25, 26 сәуір күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында үш күндік семинар өткізді.

Семинарға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ (Нұр-Сұлтан қ.), «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК (Нұр-Сұлтан қ.), «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК, «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» РМК (Түркістан қ.), «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» РМК, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «CBS Partners» ЖШС, «Water Oil Gas GROUP» ЖШС, «Grata заң фирмасы» ЖШС, «Legalmax Central Asia» ЖШС.

Семинардың негізгі бөлімі аясында өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша (өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер) дәрістер оқылды. Филиал сарапшылары өнертабысқа қатысты зат, тәсіл, құрылғы объектілері және қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды, сондай-ақ патенттік ақпарат пен құжаттаманы жүргізу мәселелері, өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі, тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары, селекциялық жетістікті қорғау, құқықтарды пайдалану және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру мәселелері талқыланды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.