News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide

Алматы қаласының үш мектебінде семинар өткізілді

30 April, 2019

2019 жылдың сәуір айында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қаласы филиалымен № 19, № 79 және № 98 мектептерінің оқушыларына «Ғылым мен техникадағы таңғажайып өнертабыстар. Тауар таңбасы ұғымы, тауар таңбалары саласындағы заңнама нормалары» атты көшпелі семинарлар өткізілді. Семинардың мақсаты шығармашылық пен өнертапқыштық ынталандыру, сондай-ақ қазақстандық оқушылар арасында зияткерлік меншіктің маңыздылығын сезіну деңгейін арттыру болып табылады. Семинарлар Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде өткізілді.

Семинарларда Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшылары А.Әбділданова, А.Ғазизова және тауар таңбасы мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдамалық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Н.Айдарбеков презентациялық материалдармен сөз сөйледі. Спикерлер өз кезегінде оқушыларға тауар таңбасы ұғымын және тауар таңбалары саласындағы ұлттық заңнама нормаларын түсіндірді, сондай-ақ Халықаралық зияткерлік меншік күні туралы және 2019 жылы мереке спорт әлеміне арналғаны туралы айтты. Осымен бірге оқушылар ғылым мен технология әлемінің соңғы жаңалықтарымен танысты. Сонымен қатар семинар қатысушыларына «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік Универсиада және «ҰЗМИ» РМК ұйымдастырушысы болып келетін ағымдағы жылдың наурыз айында бастау алған «Nazarbayev Fund Schools Challenge» оқушылар конкурстары туралы ақпарат берілді.

Семинар диалог тәртібінде өткізілді және оқушыларға ғана емес, сонымен қатар оқытушылар қызметкерлеріне де пайдалы болды. Осыған ұқсас іс-шаралар жыл бойы және басқа да білім беру мекемелерінде өткізіледі. Семинар қорытындысы бойынша зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты барлық сұрақтарға жауап берілді.

№19 мектеп №79 мектеп
№98мектеп