National Institute of Intellectual Property
2019 жылдың 23 мамырында Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау және сақтау» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілі, кәсіпкерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттар және кәсіпорындардың заңгерлері қатысты.
Семинар тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу рәсімін, зияткерлік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесін таныстыру мақсатында өткізілді.
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді тіркеу, сараптамалар, пайдалану және электронды түрде беру мәселелері бойынша Ж. Е. Омарбекова, Т. В. Горбунова, Ж. А. Серікбаева, А. М. Куренкеева баяндама жасады.
Семинарға Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Г. Д. Оңғарбаева қатысып, баяндама жасады.
Соңында қатысушылар филиал қызметкерлеріне семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, оның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.