News

National Institute of Intellectual Property

Оқу орталығы көшпелі семинар өткізді

24 May, 2019

2019 жылдың 24 мамырында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау және оларға электронды түрде өтінім беру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының оқытушылары қатысты.

Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан басталады, осы жылы Алматыда Түркістан-Сібір теміржолы үшін кадрлар даярлауға арналған теміржол, механикалық және өндірістік мамандықтары бар Орталық Азия теміржолшылар инженерлері институтының филиалы ашылды.

Бүгін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Қазақстан Республикасы экономикасының көліктік-коммуникациялық секторы үшін жоғары білікті мамандарды даярлайтын негізгі база болып табылады.

Семинар жұмысында Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Р.К. Жетібаева және Оқу орталығының маманы Ә.М. Куренкеева презентациялық материалдарды пайдаланып баяндама жасады.

Семинар барысында өнертабысқа, пайдалы модельге өтінім беру тәртібі, өнеркәсіптік меншік объектілерінің мерзімдері, сараптама жүргізу, мемлекеттік тізілімге ақпарат енгізу және өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды өтінім берудің артықшылықтары туралы сұрақтар көтерілді.

Семинар қатысушылары филиал қызметкерлеріне оқыту іс-шарасын ұйымдастырғаны үшін және бұл іс-шараның Академия қызметкерлері үшін маңыздылығын атап өтіп, алғысын білдірді.