News

National Institute of Intellectual Property

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» конкурсының құрмет атағын беру нәтижесі қорытыланды

07 June, 2019

Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы директорының 2019 жылғы 3 маусымдағы №172-нқ бұйрығымен конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» атағы ең көп балл жинаған екі кандидатқа берілді:

Исагулов Аристотель Зейнуллинович-техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры.

Балджи Юрий Александрович- «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең көп қажетті және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторы болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында сарапшы ұйыммен жыл сайыңғы II тоқсанында конкурс нәтижесімен тағайындалады.

Кандидаттың өнертабыстық қызметіне салған маңызды критериялары мыналар болып табылады:

  1. авторлық куәлік және де өнертабыстарға алынған әрекеттегі патенттердің жалпы көлемі;
  2. әр түрлі экономика саласында патенттелген өнертабыс, аса маңызды және кеңінен енгізу мен қолдану нәтижесі (мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың пікірлері), өнертабысты енгізу актісі, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті іске асыратын тұлғалар);
  3. өнертабысты қолдануға құқық беру және аударымдарды тіркеу мөлшері;

«ҰЗМИ» РМК-ы 2018 жылдан бері конкурс комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде дипломмен және естелік ленталармен марапаттау рәсімі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның конференц-залында 20 маусымда сағат 16:00 де өтеді (Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3А ғимараты)

Құттықтаймыз!