News

National Institute of Intellectual Property

«Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ арналған семинар өткізілді

20 September, 2019

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Ынтымақтастық туралы келісім аясында Алматы қ. IT-Квартал ғимаратында Оқу орталығы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Парктің әр түрлі жобалар бойынша стартаперлері қатысты.

Лекторлар ретінде «ҰЗМИ» РМК филиалының сарапшылары мен мамандары дәріс оқып, тауар таңбалары, өнеркәсіптік үлгілер мен авторлық құқық объектілерінің түсінігі мен оларды құқықтық қорғау туралы айтып берді. Дәріс соңында әрбір лектор семинар қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Шара аяқталған соң ИК «Инновациялық технологиялар паркі» қатысушыларын бақылау бойынша бас менеджер С.Д. Рашев пен қатысушылар лекторларға берген ақпарат үшін алғыс білдірді.