National Institute of Intellectual Property
2019 жылдың 24-26 қыркүйек күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар жұмысына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің патенттеу бойынша маманы, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ң бас менеджері, «Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы – «Қазтелепорт» акционерлік қоғамының өкілі, «АлматыЭкспертиза» ЖШС-ң маркетологі, «Kaspi Bank» АҚ-ң қызметкерлері қатысты.
Семинар өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлер атауларын тіркеуді насихаттау мен сараптама өткізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу процедурасымен және зияткерлік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларын отандық тауар өндірушілерінің жұмысымен таныстыру мақсатында «ФудМастер» АҚ өкілі Ж.М. Байгунова мен «Бахус» АҚ өкілі А.В. Лисицкая шақыртылып, ал олар тәжірибесімен бөлісіп, өз қызметтеріндегі зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығы мен артықшылықтарын атап өтті.
Үш күндік семинар қортындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауар беріліп, тәжірибелік сабақтар өткізіліп, консультациялар берілді.
Семинар соңында қатысушылар ҰЗМИ филиалының қызметкерлеріне зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне енгізілген өзгерістерге қатысты өз уақытында берілген ақпарат үшін алғыс айтты.