National Institute of Intellectual Property
2019 жылдың 3-4 қазан күндері Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараны «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесі және «Братусь, Сагадиев, Демеубаев и Партнёры» заң фирмалары ұйымдастырды.
Конференцияда ғылыми қызметкерлер, тәжірибеден өтіп жүрген заңгерлер, арт-индустрия өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, алыс және жақын шет елдерінің құқықтарды ұжымдық басқару бойынша ұйымдарының өкілдері қатысты. «ҰЗМИ» РМК атынан Оқу орталығының бас маманыБ.О. Назаров қатысып, «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілергеқұқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу» тақырыбында баяндама оқыды.
Шара барысында келесідей тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:
Баяндамалар соңында қатысушылармен аталған тақырыптар бойынша пікір алмасып, қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар конференцияға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс айтып, ал қатысушылар өз кезегінде осындай кездесуді өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.