News

National Institute of Intellectual Property

«Шапағат-2019» өнертапқыштар республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

11 October, 2019

Бүгін 2019 жылдың 11 қазанында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай осы жылдың 26 сәуірінде басталған «Шапағат» өнертапқыштар республикалық онлайн конкурсы жеңімпаздарының қорытындысы анықталды.

Конкурс өнертапқыштық қызметін үгіт-насихаттау мақсатында, қоғамда өнертапқыштық ақпараттың деңгейін арттыру.

Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар 2019 жылдың 26 тамызынан бастап 2018 жылы патенттелген өнертабыстар, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгі туралы өтініш берді.

Интернет-ресурсты пайдаланушылар арасында дауыс беру осы жылдың 1 қыркүйегімен 10 қазан аралығында өтті.

Жоғары дауыс жинаған он өнертапқыш, жеңімпаз болып танылып, конкурстың қорытындылары сайтта жарияланды http://shapagat.kazpatent.kz/ru/contest