National Institute of Intellectual Property
2019 жылдың 22, 23, 24 қазан күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды рәсімдеу: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, халықаралық тіркеу процедурасыме және өнеркәсіптік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.
Семинарға "Алматы технологиялық университеті" АҚ, "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мекемесі, "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" РМК, «АлматыЭкспертиза» ЖШС ұйымдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Семинар аясында өнеркәсіптік меншік объектілері мен авторлық құқық бойынша дәрістер оқылды. Филиал сарапшылары зат, тәсіл, құрылғы және қолдану сияқты өнертабыстар объектілерін қарастырды, сондай-ақ патенттік ақпарат пен құжаттамаға іздеу жүргізу әдістемесінің мысалдары, сот дауларының мысалдары бар өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі көрсетілді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану және өтінімдерді электронды түрде беру мәселелері де қаралды.
Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және зияткерлік меншік саласындағы техникалық шешімдерді енгізу және коммерцияландыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинардың практикалық бөлігіне ҚР өнертапқыштары мен еңбек сіңірген өнертапқыштары шақырылды. Н.С.Буктуков, Ж.С. Садықов, Е.С. Аскаров коммерцияландыру әдістері және өздерінің кейбір енгізілген жобалары туралы айтып берді.
Ұйымдастырушылар семинар жұмысына қатысқаны үшін өнертапқыштарға алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.
Семинар соңында «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ сарапшы-патенттанушы А.Н. Чичканова қатысушылар атынан ұйымдастырушыларға алғыс айтып, семинардың өзектілігін атап өтті.