News

National Institute of Intellectual Property

slide

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «ҚазМұнайгаз Инжиниринг» ЖШС тренинг өтті.

24 October, 2019

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қазанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қызметкерлері зияткерлік меншік обьектілерін құқықтық қорғау сұрақтары бойынша тренингке қатысты. Құттықтау сөзімен «ҚазМұнайгаз Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Хасанов Бакытжан Кенесович сөз сөйледі, ол мұнай-газ секторында тренингтің қатысушыларына кәсіпорынның ғылыми әзірлемелерімен кешенді сүйемелдеу мақсатында арнайы құрылған жаңа бөлімнің ашылғаны туралы хабарлады және өнертапқыштық белсенділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«ҰЗМИ» РМК атынан спикерлер есебінде Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова және Авторлық құқық басқармасы басшысының м.а. Саят Шидербеков сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында ГульданаИльясова зияткерлік меншік обьектілері туралы егжей-тегжейлі айтып түсіндіріп, артықшылықтары мен кемшіліктерін қоса алғанда, қолданылу мерзімі және тіркеу шарттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар тренингке қатысушыларға мұнай-газ саласындағы Қазақстан кәсіпорындарының патенттік белсенділігі туралы ақпарат берілді. Талқылау кезінде, нарықтағы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ету үшін зияткерлік меншік обьектілерін қорғаудың әр түрлі құралдарының комибинациясын пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Кезекті сөз сөйлеу барысында Саят Шидербеков авторлық құқық обьектілерінің түрлері және авторлық құқықтарды тіркеу рәсімі туралы толық айтып берді. 2018 жылдан бастап ҚР заңнамасына өзгертулер енгізіліп және қазіргі уақытта тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатындығын, сондай-ақ авторлық құқықпен қорғалатын обьектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізу және жасау фактісіне байланысты туындап, автордың ізгі еркі болып табылатындығын айтты.

Тренинг соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп «Қазмұнайгаз Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне арналған оқыту тренингтерін өткізу мәселелері бойынша «ҰЗМИ» РМК ынтымақтастақты жалғастыруды ұсынды.