National Institute of Intellectual Property
Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылы «Астана медицина университеті» КЕ АҚ «Өнертабыстағы Болашақ. Инновациялар және денсаулық» семинары өтті. Семинарды «Астана медицина университеті» КЕ АҚ және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастырды.
Іс-шара «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясованың құттықтау сөзімен басталды. Спикер ретінде медицина бойынша патенттік сарапшы –Гулнар Калтаева, халықаралық патенттеу бойынша сарапшы – Ляззат Тутешова және Авторлық құқық басқармасы басшысының м.а. – Саят Шидербеков қатысты.
Семинарды тыңдаушыларға Гулнар Калтаева медициналық өнертабыстарды патенттеу рәсімі және медициналық инновацияларды дамыту үшін перспективалық салалар туралы айтып өтті. Г. Калтаеваның жеке тақырыбы тыңдаушыларды ДЗМҰ 2019 жылдың жахандық инновациялық индексі бойынша салауатты өмір салты: медициналық инновациялардың болашағы бойынша баяндамасымен таныстыру болды. Баяндамаға шолу жасап, медициналық инновацияның даму үрдістері туралы айтып, медициналық өнертабыстарды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Ляззат Тутешева шет елдерде өнертабысқа патент алу үшін толық ақпарат берді. Өз сөзінде ол өнертабыстарды халықаралық патенттеу кезіндегі патент қолданысының аумақтық шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беретін стратегиялары мен шығындары туралы айтты. Сондай-ақ, шетелдік патенттер алған қазақстандық өнертапқыштар туралы мысал келтірді. Мысалы, «Фитохимия» АҚ және ғалымдар тобы С.М. Адекеновтың басшылығымен "Арглабин" дәрілік препаратын Еуразиялық патенттік ведомствосында, АҚШ, Грузияда, Еуропалық патенттік ведомствосында және т.б. мекемелерде патенттеді. Сонымен қатар, Саят Шидербеков авторлық құқық туралы заңнама бойынша ақпарат берді және авторлық құқықпен қорғалатын нысандарының мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу рәсімі туралы көрсетіп өтті.
Спикерлердің баяндамалары университет оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының қызығушылығын тудырды, және спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.