News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide

Astana Hub IT стартаптар Халықаралық технопаркінде оқыту семинары өтті

23 December, 2019

2019 жылдың 23 желтоқсанында Astana Hub IT стартаптар Халықаралық технопаркінде Ұлттық зияткерлік меншік институты сарапшылары «IT-шешімдерді зияткерлік меншік ретінде тіркеу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара 2019 жылдың «ҰЗМИ» РМК және Astana Hub IT стартаптар Халықаралық технопаркімен жасалған меморандум аясында өткізілді. Өнертабыстар және селекциялық жетістіктер департаменті физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Замира Срайыл технопарктің қызметкерлерімен тыңдаушыларын IT-шешімдерді патенттеудің процесімен таныстырды. Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының аға сарапшысы Ляззат Тутешева өз баяндамасында шетелде патенттеудің негізгі ретін түсіндірді. Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары Саят Шидербеков авторлық құқықты тіркеу жөнінде түсіндірді.

Семинардың соңында IT мамандар және стартапшылар IT-шешімдерді тіркеу және құқықтық сауаттылық, зияткерлік меншік саласында өз обьектілерін қорғау және сақтау бойынша сұрақтарға толықтай консультациялар алды.

Тутешева Ляззат Срайыл Замира
Шидербеков Саят