News

National Institute of Intellectual Property

«ҰЗМИ» РМК директорын тағайындау

17 February, 2020

2020 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова «Ұлттық зиякетрлік меншік институты» РМК ұжымына мекеменің директоры Ермек Куантыровты таныстырды.

Е. Куантыров әр жылдары әділет органдарында, 2017-2019 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс атқарған, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары лауазымын атқарған, 2019-2020 жылдары – ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары болған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Колумбия университетінде құқық-магистрі (LL.M.) дәрежесін иеленген.Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, Ербол Оспанов «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританиядағы Лондон Корольдік колледжінде тағылымдамадан өту үшін осы жылдың ақпан айынан бастап оқу демалысында.