National Institute of Intellectual Property
2021 жылдың 15 наурызында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Қазақстан Республикасының солтүстік аймағының (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) кәсіпкерлері үшін зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өтті.
Вебинар барысында Қазпатент қызметкерлері өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау, мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, айрықша құқықтарға ие болу туралы шарттар жасасу, сондай-ақ Қазпатент құрамындағы IPR Center мүмкіндіктері мәселелері қамтылды.
Іс-шараға барлығы 80-нен астам адам қатысты.
Бұған дейін, 2020 жылдың 26 қарашасында Қазпатент батыс өңірлері үшін ұқсас вебинар өткізген болатын. Жақын арада Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарының өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізу жоспарлануда.