National Institute of Intellectual Property
2021 жылғы 23 маусымда Қарағанды облысының Әділет департаментінде «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – 2021» құрметті атағын беру конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Кездесуді құттықтау сөзімен Департамент басшысы Тимур Ермағамбетов, Казпатент директоры Ербол Оспанов, сондай - ақ іс-шараның құрметті қонағы–Еуразия патенттік ведомствосының президенті Сауле Тлеулесова ашып, байқаудың маңызды және кең қолданылатын өнертабыстардың авторларын мадақтау мен құрметтеу нысаны ретінде маңыздылығын атап өтті.
Конкурстық комиссияның шешімі негізінде «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – 2021» атағы техникалық ғылымдар кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің доцент міндетін атқарушы Пак Дмитрий Юрьевич пен техникалық ғылымдар кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры Куликов Виталий Юрьевичке берілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік ленталар табыс етілді.
суретте: Сауле Тлевлесова,ДмитрийПак және Ербол Оспанов |
суретте:Тимур Ермағамбетов,ВиталийКуликовжәнеЕрбол Оспанов |
ҚР Патенттік сенімді өкілдер Одағының мүшесі Хван Любовь Алексеевна жоғары марапат иелерін құттықтады. Қарағанды облысы бойынша берілетін өтінімдер мен алынатын қорғау құжаттарының саны бойынша үлкен емес, бірақ тұрақты өсуді атап өтті. Өтініш берушілерді зияткерлік меншік негіздеріне оқыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы тілек білдірді. Патенттік сенім білдірілген өкілдің тілегіне жауап ретінде оқыту вебинарларын және басқа да іс-шараларды өткізу арқылы ЗМ саласындағы қоғамдық хабардарлықты арттыруға бағытталған Қарағанды облысының Әділет Департаментімен бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
Жалпы өнеркәсіптік меншік объектілерінің ішінде Қарағанды облысынан өтінім берушілерден түскен өтінімдердің ең көп пайызы өнертабыстар мен пайдалы модельдерге тиесілі. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Өнертабыстар бойынша үлес тиісінше 10,5%-ды және пайдалы модельдер бойынша үлес 9,5% - ды (белсенділігі бойынша Нұр-сұлтан мен Алматыдан өтініш берушілерден кейінгі үшінші орын), 2021 жылғы қаңтардан бастап тиісінше 9,3% - ды және 10,8% - ды құрады.