National Institute of Intellectual Property
ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК 2019 жылғы 22 сәуірде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Енгізілген өзгерістермен зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасыз нысаны – электрондық түрде көзделген.
Қазіргі уақытта зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің тиісті стандарттары мен регламенттерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар бекітілген сәттен бастап қағаз тасығышта берілген өтініштерді қабылдау жүзеге асырылмайды.