National Institute of Intellectual Property
ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы Сіздердің назарларыңызға, 2019 жылдың 2 тамызында ҚР Әділет министрлігінің «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 қазандағы №1481 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрығының әрекеті енгізілді.
Бұйрыққа сәйкес «ҰЗМИ» РМК-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелерін беру формасы-электронды.
Осылайша, қағаз жеткізгіште ұсынылған мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер қаралмайды.
Бұл талаптар «ҰЗМИ» РМК-ның 2019 жылдың 2 тамызына дейін хабарлама негізінде берілген өтінішке қолданылмайды, (тіркеу туралы, ішінара тіркеу, патенттер беру жөнінде)