Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өтінімберушілер назарына!

20 ақпан, 2026

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық патенттік ұйымының Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өтінім берушілерін қолдау туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) күшіне енді.

Ереже Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өтінім берушілерін Еуразиялық патенттік жүйе шеңберінде өнертабыстарға патент беруге байланысты өтінім берушілердің шығындарын қаржыландыру арқылы қолдау үшін әзірленген. Сонымен қатар, Ереженің мақсаты өтінім берушілердің Еуразиялық патенттік жүйеге қызығушылығын арттыруға және өнертабыстық, патенттік қызметті ынталандыруға бағытталған.

Еуразиялық патент беруге әр өтінім  беруші, егер ол Ереженің 4-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келсе, сондай-ақ Ереженің 6-тармағында көрсетілгендей өнертабысты патенттеу процесінің кез келген кезеңінде, мысалы, бірыңғай рәсімдік төлеу, сараптама процедураларына  және басқа да төлем шығындарына қатысты қолдау сұрай алады.

Қолдау көрсетуге берілетін өтінімді Конвенцияға қатысушы-мемлекет аумағында тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны бар өтінім беруші ұлттық патенттік ведомствосына бере алады.

Қолдау алу шарттары және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпараттарды алу үшін Ережелер мен өтінім нысанымен танысуға және келесі +77172-621517 / -621582 байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады.